Грекияда теңіз түбінен балық аулайтын 2 тонна тор табылды

0
1 252

Пластик жабдықтар теңіз түбінде жүздеген жылдар бойы ыдырамай жатады.


Грекияда теңіз түбінен балық аулайтын 2 тонна тор табылды

ERNUR.KZ. Грекия экологтары Стратонион қаласы маңындағы теңіз айлағы түбінен салмағы екі тоннадан асатын ескі балық аулау торларын алып шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы, пластик жабдықтардың теңіз түбінде ыдырамай жүздеген жылдар бойы жата беретіні белгілі. Осыған байланысты жергілікті экологтар дабыл қағуда. Себебі бұл теңізді көптеген сирек кездесетін тіршілік иелері мекендейді. Енді мұндағы пластик қоқыстар сұрыпталып өндіріске пайдаланылмақ. Одан спорттық киім, шұлық, тіпті кілем жасауға болады екен.