Грекиялық кондитерлер ерекше өнімдермен тұрғындардың көңілін аулап жүр

0
616

Пасха мерекесіне орай дайындалған тәтті қояндарға маска тағылған.


Грекиялық кондитерлер ерекше өнімдермен тұрғындардың көңілін аулап жүр

ERNUR.KZ. Грекияның кондитерлері сатып алушылардың көңілін аулап, қызықтыру үшін шоколадтан жануарлар түрінде жасаған тәттілеріне қолғап пен маска кигізіп саудасын қыздырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүкен иесі осылайша пандемия кезінде халыққа ерекше көңіл күй сыйламақ болған. Әрі бұл сауданың тұралап қалмауына да септігін тигізді дейді ол. Мәселен, карантин жағдайында өткен Пасха мерекесіне орай тәтті қояндарға тапсырыс бергендер ерекше сыйлығын шет елдегі туған туыстарына да жіберіп жатыр.

– Керемет идея. Ойлап тапқандарын қарашы! Немерелерім қуанатын болды. Оларға сыйлық жіберемін деп ескерткен жоқпын. Тосынсый болады деп ойлаймын, - дейді жергілікті тұрғын Ставрос Фуцицис.