Грета Тунберг экологиялық марапаттан бас тартты

0
853

"Климаттық қозғалыс бұдан былай сыйақыны қажет етпейді", - деді ол.


Грета Тунберг экологиялық марапаттан бас тартты

ERNUR.KZ. Экология мәселелерін қозғап жүрген шведтік белсенді қыз Грета Тунберг Солтүстік кеңестің экологиялық марапатынан, сондай-ақ 500 мың (шамамен 52 мың доллар) көлеміндегі ақшалай сыйақыдан бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экологиялық марапаттан бас тартқан Грета Тунберг өзінің шешімін «климаттың өзгеруіне қарсы күресте сөзден іс-әрекетке көшудің уақыты келді» деп түсіндірді.

«Климаттық қозғалыс бұдан былай сыйақыны қажет етпейді», – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Сонымен бірге Тунберг экологиялық сыйлық беру ол үшін үлкен құрмет екенін айта келе, Солтүстік Кеңеске осы марапат үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізді.

Солтүстік кеңестің экологиялық марапаты жыл сайын «қоршаған ортаны құрметтеу қағидаттарын іске асыруға немесе табиғатты қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кез-келген бастамаларға қосқан үлесі үшін» Скандинавия елдерінен келген компанияға, ұйымға немесе жеке адамға беріледі.

Кандидаттар мен жеңімпаздарды анықтайтын комитет құрамына Норвегия, Финляндия, Швеция, Исландия, Фарер және Аланд аралдарынан, Гренландия мен Дания елдерінен 13 адам кіреді.