Грузияда маймыл шешегін жұқтыру жағдайы тіркелді

0
441

​Науқас вирустық аурудың жеңіл түріне шалдыққан.


Грузияда маймыл шешегін жұқтыру жағдайы тіркелді

ERNUR.KZ. Грузияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы Грузияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған.

"Зертханалық сынақ нәтижесі маймыл шешегінің вирусын растады. Науқас вирустық аурудың жеңіл түріне шалдыққан, тиісті емнен кейін үйіне шығарылды", - деп хабарлады министрлік.

Министрлік хабарлауынша науқас Еуропаға саяхаттаған. Қазіргі уақытта онымен байланыста болған адамдар ьақылауға алынды. Алайда олардың бірде-біреуінен ауру белгілері байқалған жоқ.