Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды

0
2 334

Tesla басшысы 185 млрд доллардан астам байлығымен әлемдегі ең бай адамға айналды.


Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды

ERNUR.KZ. Кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безосты басып озып, әлемдегі ең бай адам атанды, деп хабарлайды Хабар24.

Tesla басшысы 185 млрд доллардан астам байлығымен әлемдегі ең бай адамға айналды. Tesla компаниясының 7 қаңтардағы акция құны оған 2017 жылдан бері әлемдегі ең бай адам болған Безосты басып озуға мүмкіндік берді.

Бұған дейін Илон Маск Bloomberg Billionaires индексі бойынша ең бай адамдарының тізімінде екінші орында тұрған болатын.