Илон Маск Билл Гейтсті басып озды

0
598

​Қазір Tesla басшысы әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде екінші орында тұр.


Илон Маск Билл Гейтсті басып озды

ERNUR.KZ. Tesla және SpaceX компанияларын басқаратын америкалық кәсіпкер Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар рейтингісінде екінші орынға жайғасты. Осылайша бұл көрсеткіш бойынша ол Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтс пен Facebook басшысы Марк Цукербергті басып озды, деп жазады inbusiness.kz.

Tesla акцияларының бағасы 6,5%-ға қымбаттағаннан кейін, Масктың байлығы бір күн ішінде 7,2 млрд долларға артып, 127,9 млрд долларға жетті. Жыл басынан бері миллиардердің табысы 100,3 млрд долларға көбейіп отыр.

Ал бірінші орында тұрған – Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безос (182 млрд доллар). Билл Гейтстің еншісінде 127,7 млрд доллар.

Маск Tesla компаниясын 2003 жылы құрған болатын. Ол әуел баста Tesla Motors деп аталған еді, бірақ кейінірек Tesla деп өзгертілді. Бастапқыда компания тек электромобильдерді өндірумен айналысты, бірақ соңғы жылдары күннен қуат алатын батареялар жасап, басқа да энергия жинақтаушы жүйелерді құруға бет бұрды.