Илон Маск Марсқа ұшу билетінің құнын айтты

0
1 455

SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск бір жақты ұшу билетін 100 мың долларға (44,5 миллион теңгеден астам) бағалап отыр.


Илон Маск Марсқа ұшу билетінің құнын айтты

ERNUR.KZ. Бұл туралы Business Insider басылымы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Маск бұны TED конференциясының кураторы Крис Андерсонмен әңгімелесу барысында айтқан. Business Insider басылымының жазуынша, ол Марсқа саяхаттау құнын қолжетімді етуді қалайды екен.

"Барлық адамға қолжетімді етуді мақсат етемін. Марста қала салу үшін миллионға жуық адамды тарту керек", дейді Илон Маск.