Илон Маск Украинадағы Starlink қызметтерін төлеуден бас тартты

0
312

SpaceX Пентагонға Украинадағы Starlink қызметтерін одан әрі төлеуден бас тартатыны туралы хабарлады.


Илон Маск Украинадағы Starlink қызметтерін төлеуден бас тартты

ERNUR.KZ. Американдық миллиардер Илон Маск басқаратын SpaceX бұдан былай Украинадағы Starlink спутниктік байланыс жүйесіне техникалық қызмет көрсету үшін қаржы бөлемейтіні және Пентагоннан осы шығындарды өтеуді сұрайды, деп жазады inbusiness.kz.

Телеарнаның мәліметінше, Украинаға барлығы 20 мыңға жуық Starlink терминалы берілді. Жұма күні Маск барлық операциялар SpaceX-ке 80 миллион доллар шығын әкелгенін және бұл шығындар соңында 100 миллионнан асатынын мәлімдеді.

"Масктың қайырымдылық шарасы осымен аяқталды, себебі SpaceX Пентагонға американдық әскерилер бұл мақсаттарға ай сайын ондаған миллион доллар бөлмесе, Украинада желіні пайдалануды компаниядан қаржыландыру тоқтатылатынын хабарлады", - дейді телеарна.

Журналистер қолына түскен құжаттарға сәйкес, қыркүйек айында Маск Пентагонға SpaceX "бұдан былай Starlink жұмысын бұрынғыдай қаржыландыруды жалғастыра алмайтынын" жазбаша түрде хабарлады. Ол сондай-ақ әскерилерден Украина Үкіметі мен армиясының мүддесі үшін байланыс қызметтерін қаржыландыруды сұрады.