Илон Масктың байлығы бір күнде 6 млрд долларға артты

0
1 509

Tesla акциясы дүйсенбі күні 4,4%-ке артқан.


Илон Масктың байлығы бір күнде 6 млрд долларға артты

ERNUR.KZ. SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Масктің қалтасы бір күнде 6 млрд долларға қалыңдады, деп хабарлайды Хабар24.

Бұған электромобильдер акциясының құны күрт өскені себеп, деп хабарлайды Forbes Real-Time.

Осылайша Масктің байлығы 169,8 миллиард долларды құрады. Қазір ол Amazon негізін қалаушы Джефф Безостен кейін екінші орында тұр. Ал Безос 188,6 миллиард долларға ие.

Tesla акциясы дүйсенбі күні 4,4%-ке артып, 691,05 долларға тең болды.