Индонезияда аспан қызыл түске боялды

0
1 454

Қызыл түстегі аспанды ауыл тұрғыны сурет пен видеоға түсіріп алған.


Индонезияда аспан қызыл түске боялды

ERNUR.KZ. Индонезияның Джамби провинциясында елдегі орман өртінің жиілеуінен демалыс күндері аспан қызыл түске боялды, деп жазады baq.kz.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, қызыл түтін «көз бен тамаққа әсер етіп, ашытқан».

Джамби провинциясындағы Мекар Сари ауылының тұрғыны Эки Вуландаридың айтуынша, сенбіде күндіз түсірген суреттерінде қызыл түтінді аспанның түсі қанық шыққан.

Эка суреттін "Фейсбукке" жариялап, 34 мың көрсетілім жинаған. Алайда, Би-би-си-ге берген сұхбатында ол суреттердің шынайылығына көпшіліктің күмәнданғанын айтты.

"Бұл шындық, суреттерді және видеоны телефоныма өзім түсірдім ", - дейді бойжеткен.