Индонезияда автобус апатынан 24 адам көз жұмды

0
719

Түрлі деңгейде жарақат алған 13 жолаушы жергілікті ауруханаларға жеткізілді.


Индонезияда автобус апатынан 24 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Суматра провинциясы аумағында автобус шатқалдан құлап, 24 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол апаты дүйсенбі күні кешке болған. Марқұмдардан бөлек, түрлі деңгейде жарақат алған 13 жолаушы жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Оқиға орнында құтқару-іздестіру операциясы жүргізіліп жатыр.