Индонезиядағы орман өртінен Сингапурді түтін басты

0
867

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай әлі бірнеше күн жалғасуы мүмкін.


Индонезиядағы орман өртінен Сингапурді түтін басты

ERNUR.KZ. Индонезиядағы орман өртінен Сингапурді түтін тұмшалап, экологиялқ ахуал нашарлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның мөлшері белгілі деңгейден бірнеше есеге артып кеткен. Сондықтан тұрғындарға көшеде көп жүрмеуге кеңес берілуде. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай әлі бірнеше күн жалғасуы мүмкін. Ал Индонезияда орман өрті басылмай тұр. Билік табиғат апаты көп жағдайда шаруалардың жерді келер жылға дайындау үшін қалдық шөптерді жағуынан болатынын айтады. Бірақ биліктің мұндай әрекеттермен күресі әлі нәтиже бермей келеді. Орман өртінен көрші елдермен де қатынас нашарлаған.