Instagram-да енді «like» басылмауы мүмкін

0
782

Бұл туралы желінің бас директоры Адам Моссери мәлімдеген.


Instagram-да енді «like» басылмауы мүмкін

ERNUR.KZ. АҚШ-та Instagram әлеуметтік желісі келесі аптада сынақ режимінде суреттің астындағы лүпілдердің санын көрсетпей тұратын жаңа функцияны іске қоспақшы, деп хабарлайды ktk.kz.

Бұл туралы желінің бас директоры Адам Моссери мәлімдеген. Әзірге мұндай жаңашылдық тек АҚШ аймағына ғана енгізілмек. Аталған функция тест түрінде жасалынады.

Жазбаның қанша лүліл жинағанын әлеуметтік парақшаның иесі ғана көре алатын болады. Адам Моссеридің айтуынша, бұл функцияның іске қосылуы адамдар арасындағы «әлеуметтік салыстыру» мен бәсекелестікті төмендетеді. Бұған дейін қыркүейек айында Австралияда Facebook желісіндегі лүпілдерді алып тастайтын функцияны сынақтан өткізген еді.