Интернет - сот ашылды

0
1 149

Тыңдаулар мен үкім шығару да онлайн режимде бейнетрансляция арқылы көрсетіледі.


 Интернет - сот ашылды

ERNUR.KZ. Бейжің қаласында интернет-сот ашылды. Бұл - Қытай аумағында тек интернет арқылы жұмыс істейтін екінші сот, деп жазады Baq.kz.

Сот қызметінің негізгі бағыты интернеттегі алаяқтық фактілермен байланысты істер болмақ.

Xinhua мәліметінше, интернет-сот ғаламтор дәуірінде сот төрелігі саласындағы жаңа сұраныстарға конструктивті жауап ретінде ашылған. Сондай-ақ, бұл инстанция сот жүйесінің кешенді реформаларын тереңдету және киберкеңістікті басқаруды жақсарту үшін іске қосылған.

Мүдделі тараптың сотқа келіп қатысуы қажет емес. Барлық сот процестерін, яғни талап-арыз беруден бастап, іс қозғауға дейінгі әрекеттерді инстанция сайтында жүзеге асыруға болады.

Тыңдаулар мен үкім шығару да онлайн режимде бейнетрансляция арқылы көрсетіледі. Сотта барлығы 38 судья жұмыс істейді.

Сот қызметінің негізгі бағыты онлайн-саудадағы алаяқтық оқиғалар, онлайн бекітілген берешек келісімшарттар, интернетте авторлық құқықтардың бұзылуы туралы істер және домендер дау-дамайымен байланысты істер болмақ.

Атап өтсек, бірінші интернет-сот Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласында бір жыл бұрын ашылған болатын. Осы уақыт ішінде инстанция 9 600-ден астам іс қараған. Орташа алғанда бір іс 28 күнде қаралып бітеді. Яғни, бұл әдеттегі соттан екі есе жылдам.