Иракта мысықтарға арналған мейманхана ашылды

0
1 185

Бұл қаражатқа мысықты ыңғайлы жерге жатқызып, медициналық тексерістен өткізіп, тамақтандырады.


Иракта мысықтарға арналған мейманхана ашылды

Иракта Басра қаласында тұңғыш рет мысықтарға арналған мейманхана ашылды. Мейманхананың бір түні 4,2 доллар тұрады, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл қаражатқа мысықты ыңғайлы жерге жатқызып, медициналық тексерістен өткізіп, тамақтандырады.

Студент-ветеринар Ахмет Тахер Мекки өз үйін мысықтарға арналған қонақүйге айналдырған. Оның пікірінше, бұл – мысықтарға арналған алғашқы мейманхана. Бұл жерде мысықты бір түн қондыру үшін бес мың динар (шамамен 4,2 доллар) төлеу керек. Бұл қаражатқа мысықты ыңғайлы жерге жатқызып, медициналық тексеруден өткізіп, тамақтандырады.