Иран астанасын басқа қалаға көшіру мәселесін талқылауда

0
984

Елдің солтүстік-батысында орналасқан Тәбриз Ирандағы көне қалалардың бірі әрі мәдени орталығы.


Иран астанасын басқа қалаға көшіру мәселесін талқылауда

ERNUR.KZ. Иранда астананы Тегераннан басқа қалаға көшіру қызу талқылануда, деп жазады ҚазАқпарат.

Иранда астананы көшіру мәселесі қозғалғалы бірнеше жыл болды. Жергілікті депутаттардың осы бастамасын парламент өкілдері де қолдаған.

Бірақ әзірге соңғы шешім қабылданған жоқ. Қала мәртебесін өзгертуді, ең бастысы, оның тұрғындары қолдап отыр. Олардың пікірінше, Тегерандағы инфрақұрылым қиындап, халық саны тым көбейіп кеткен. Бейресми деректерге сенсек, Иран астанасына жан-жақтан жұмыс істеуге келушілер саны айтарлықтай өскен. Бұдан бөлек, экологияның ластануы, сейсмологиялық қауіп-қатер де өзекті мәселелердің біріне айналған.

Қала салу маманы Ғұламреза Резаидің айтуынша, Тегеран астана ретіндегі өз қызметін толық атқара алмай келеді.

«Біздің жолдарда үнемі сұмдық кептеліс болады, тіпті қоғамдық көлік те мәселенің шешімі емес. Метро анау айтқандай дамымаған. Осының бәрін ысырып қойғанда да, Тегеранның орналасқан жері сейсмикалық қауіпті аймақта. Қала тектоникалық қатпарлардың түйіскен жеріне орын тепкен. Жергілікті сейсмологтар жылына бірнеше рет қуаты 6-8 балға жететін дүмпу болуы мүмкіндігін айтып дабыл қағады».

Резаидің пікірін архитектор Әли Аббаси де қолдайды.

«Тегеран маңында жиі болатын жерасты дүмпулері Әлброз тау жотасының оңтүстік жағында, тау табанының астында біршама энергия жиналып қалғанын білдіреді. Егер ол сыртқа шығар болса, 7 балдық зілзаланың болуы әбден мүмкін», - дейді ол. Иранның жаңа астанасы 2 миллион тұрғыны бар Тәбриз болуы мүмкін.

Айта кетейік, Елдің солтүстік-батысында орналасқан Тәбриз Ирандағы көне қалалардың бірі әрі мәдени орталығы.