Иран коронавирусқа байланысты 54 мыңнан астам тұтқынды түрмеден босатты

0
585

Мұндай "бақытты" мүмкіндікке ие болған сотталушылар кепіл ақша төлеуге мәжбүр.


Иран коронавирусқа байланысты 54 мыңнан астам тұтқынды түрмеден босатты

ERNUR.KZ. Иран 54 мыңнан астам тұтқынын түрмеден уақытша босату туралы шешім қабылдады. Осылайша, үкімет түрмеде коронавирустың таралуына қарсы күресуге тырысуда, деп жазады zakon.kz.

Иранда коронавирустық індет елдің барлық аумағында таралды. Онда 92 адам вирустың құрбаны болды. Бір күнде 586 инфекция тіркеліп, оны жұқтырғандар саны 2922-ге жетті. Қытайдан басқа әлемдегі ешбір елде Ирандағыдай кісі өлімі көп болған жоқ.
Rtvi.com сайтының хабарлауынша, коронавирусты тексергенде теріс нәтиже бергендер түрмеден босатылды. Сонымен қатар, сотталушылар кепіл ақша төлеуге мәжбүр болған.
Айта кету керек, бұл шараға жасаған қылмыстары үшін жазасы бес жылдан аса мерзімге сотталғандар енбеді.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелгені туралы 19 ақпанда хабарлады.
Иранның Жоғарғы лидері, аятолла Әли Хаменеи тұрғындарды Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауларын орындауға, ал Иран билігінен вирустың таралуын жасырмауға шақырды.