Иранда бір тәулікте вирустан 400-ге жуық адам көз жұмды

0
548

Науқастардың көптігі сонша Тегеран ауруханаларында бос орын жоқ.


Иранда бір тәулікте вирустан 400-ге жуық адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Иранда коронавирус төңірегіндегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады, деп хабарлайды Хабар24.

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде бір тәулік ішінде 400-дей адам қайтыс болып, 5 мыңнан аса азамат инфекцияға шалдыққан. Науқастардың көптігі сонша Тегеран ауруханаларында бос орын жоқ. Індетпен күреске әскерилер тартылып жатыр. Бұдан бөлек инфекция кеңінен етек жайған 5 қалаға баруға шектеу қойылды.


- Елдегі жағдай жақсарады деп ойламаймын. Керісінше күн өткен сайын ахуал нашарлап барады. Тұрғындар тәртіпке бағынбайды. Сондықтан айыппұл салу арқылы ғана жағдайды жақсартуға болатын секілді, - дейді Тегеран қаласының тұрғыны Мұхадесех Кәрім.