Иранда ереуіл кезінде 25 адам мерт болды

0
811

Наразылық акциялары елдің бірнеше қаласында ұйымдастырылған.


Иранда ереуіл кезінде 25 адам мерт болды

ERNUR.KZ. Иранда жанармай бағасының қымбаттауына байланысты өткен ереуілде 25 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, наразылық акциялары елдің бірнеше қаласында ұйымдастырылған. Шара полициямен қақтығысқа ұласуда. Ашынған халық полиция бөлімдерін, банк ғимараттарын өртеп жатыр. Қазір елде ғаламтор желілері бұғатталды.

Естеріңізге салайық, күні кеше ғана Иранда бензин бағасы екі есеге қымбаттады. Бұған дейін Иран билігі жанармай сатылымына шектеу қойған еді. Яғни жүргізушілерге айына тек 60 литр жанармай ғана сатылған. Жергілікті биліктің айтуынша, бензин бағасының қымбаттауы алдын ала болжанған болатын.