Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 43 болды

0
506

Адам өлімінің көпшілігі Тегеранда тіркелген.


Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 43 болды

ERNUR.KZ. Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 43-ке жетті. Тағы 205 адам аталмыш вирусты жұқтырып үлгерген, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде сенбі күні елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур мәлімдеді. Оның айтуынша, инфекция жұқтырғандар саны 593 болды. Оның ішінде 123 адам аурудан жазылған, 43 адам өмірден озған.

«Жаңа жағдайлардың көпшілігі, яғни 52-сі Тегеранда тіркеліп отыр. Кумда – 21, Гилянда – 17, Голестанда – 22, Исфаханда – 12, Маркази провинциясында – 18, Мазендеранда – 12, Оңтүстік Хорасанда – 1, Иламда – 1, Фарс провинциясында – 8, Шығыс Әзербайжанда – 6, Ардебилде – 3, Альборзда – 8, Семнанда – 4, Күрдістанда – 5, Казвинде – 6, Хузестанда – 4, Систан және Белуджистан провинциясында – 1 және Йезде – 4 жағдай болды. Оның ішінде 9 адам қайтыс болды», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, бүкіл әлемде 85 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, оның 2,9 мыңы аталмыш індеттен көз жұмды