Ирландия жағалауына ішінде тірі жан жоқ құпия кеме келіп тоқтады

0
958

2018 жылдың күзінде бұл кеме Бермуд аралдары маңынан жүзіп өткен.


Ирландия жағалауына ішінде тірі жан жоқ құпия кеме келіп тоқтады

ERNUR.KZ. Ирландия жағалауына күшті дауылдың ықпалынан Танзанияның туы ілінген MV Alta жүк кемесі келіп, тоқтаған. Ең қызығы, кемеде тірі жан жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті Irish Examiner порталының мәліметінше, 2018 жылдың күзінде аталмыш кеме Бермуд аралдары маңынан жүзіп өткен.

Шамамен сол кезде кеме істен шығып, экипаж мүшелері құтқарылған. Содан бір жыл өткеннен кейін кеме Африка жағалауы маңынан байқалған.

Мамандар "елес-кеменің" ұзақ қашықтықты жүзіп өткенін айтады. Ал оның капитаны сол күйі табылмаған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Еуропаның бірнеше елінде "Деннис" дауылы тіркелген. Соның салдарынан Ұлыбританияда үш адам қайтыс болып, мыңдаған адам су басу қаупіне байланысты үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.