Испанияда коронавирусқа шалдыққандар саны 100 мыңнан асып кетті

0
493

Соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 8189 адамнан 9053 адамға артқан.


Испанияда коронавирусқа шалдыққандар саны 100 мыңнан асып кетті

ERNUR.KZ. Испания денсаулық сақтау министрлігі елдегі Covid-19 жұқтырғандар саны 102 136 адам болғанын мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кетейік, сейсенбі күні бұл көрсеткіш 94 417 оқиғаны құраған болатын. Соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 8189 адамнан 9053 адамға артқан, яғни 864 адам.

Мадрид автономды қоғамында ауру жұқтырғандар саны көп тіркелген – 29 840 жағдай. Екінші орында Каталония, онда 19 991 жағдай.

Испания денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Испанияда коронавирустан 22 647 науқас емделіп шыққан.

Айта кетейік, Испанияда коронавирус індеті Италиядағы Covid-19 жағдайынан кейін бірден өсті.