Ит қайтыс болған иесін зираттан қазып алмақшы болған (видео)

0
1 109

Иесі қайтыс болғаннан кейін ит 3 күн бойы нәр татпай қойыпты.


Ит қайтыс болған иесін зираттан қазып алмақшы болған (видео)

ERNUR.KZ. Қытайдың Шэньси провинциясының Вейнань қалалық округында өзінің қайтыс болған иесін көмілген жерінен қазып алмақшы болғанын марқұмның туыстары видеоға түсірген, деп жазады Stan.kz.

Марқұмның қызының айтуынша, Хуцзы есімді төбет 12 жыл бойы оның қайтыс болған әкесінің жанынан қалмай өмір сүріпті. Алайда біраз уақыт бұрын ер азамат айықпас дертке шалдығыпты көз жұмған.

"Біз Хуцзыды өзімізбен жерлеу рәсіме алып баруды жөн көрдік. Ол әкемнің көмілген жеріне барып, тұрмай жатып алды, кейіннен тіпті жерді тырналап, оны қазып алмақшы болды. Ал үйге қайтар уақытта өл бізге көнбей, кетпей қойды", - деді марқұмның иесі.

Сөзінше, әкесі қайтыс болғаннан кейін ит 3 күн бойы нәр татпай қойыпты.

"Біз оны жасы келген соң тамақ іше алмай жүр деп ойладық, бірақ әкемді жерлеген соң ол қайтадан су ішіп, тамақ жей бастады. Хуцзы шынымен де біздің сезімімізді түсінеді", - деп қосты бойжеткен.

Қазіргі таңда итті марқұмның туыстары өз қарауына алыпты.