Италияда бір тәулікте коронавирустан 350-ге жуық адам қайтыс болған

0
678

Италияда бір тәулікте вирусты 3 мыңнан аса адам жұқтырады.


Италияда бір тәулікте коронавирустан 350-ге жуық адам қайтыс болған

ERNUR.KZ. Италияда бір тәулікте коронавирустан 349 адам қайтыс болған, деп жазады Тengrinews.kz.

Бұл туралы Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли айтты.

"Өкінішке қарай, 349 адам көз жұмды", - деді ол брифингте.

Осылайша, Италияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2158 адамға жетті.

Анджело Борреллидің айтуынша, Италияда бір тәулікте вирусты 3 мыңнан аса адам жұқтырады.

"Ең дұрысы - үйде отыру. Италияның болашағы - біздің қолымызда. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезінуіміз керек. Біз Ломбардиядағы жағдайға байланысты шараны бүкіл ел бойынша қолдануға шешім қабылдадық", - дейді Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте.