Италияда бір тәулікте коронавирустан 475 адам қайтыс болған

0
766

Коронавирус жұқтырған тағы 4207 адам тіркелген.


Италияда бір тәулікте коронавирустан 475 адам қайтыс болған

ERNUR.KZ. Италияда бір тәулікте коронавирустан 475 адам қайтыс болды. Бұл соңғы тәуліктердегі ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр, деп жазады Тengrinews.kz.

Телеарнаның мәліметінше, Италияда коронавирустан 3000-нан аса адам қайтыс болған.

Бір тәулікте елде коронавирус жұқтырған тағы 4207 адам тіркелген.

Еске салайық, мұның алдында Италияда бір тәулікте коронавирустан 350-ге жуық адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын. Елде дерттен өлім құшқандардың саны 3 мыңнан асқан.