​Италияда көпір қирады: 31 адам қаза тапқан (видео)

0
1 400

Қазір оқиғаның бірнеше себебі айтылып жатыр: біреулер найзағай түсті десе, басқалары көпір конструкциясының шөгуінен дейді


​Италияда көпір қирады: 31 адам қаза тапқан (видео)

ERNUR.KZ. Италияның сыртқы істер министрлігі Генуя қаласындағы көлік көпірінің қирауынан 31 адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады sputniknews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 11 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, көпір сейсенбі күні күндіз құлапты. Оқиғаның бірнеше себептері айтылып жатыр: күн күркіреп тұрған кезде, найзағай түсті немесе көпір конструкциясы шөгіп кетті. Ресми тұлғалар теракт туралы мәлімдеген жоқ.

Нысанға қызмет көрсетіп, жөндеу жүргізген компанияның айтуынша, көпір құлайтындай жағдайда болмаған.