Италияда коронавирустан адам өлімі бойынша рекорд тіркелді

0
821

Өлім-жітім динамикасы емделушілер санына тең болып тұр.


Италияда коронавирустан адам өлімі бойынша рекорд тіркелді

ERNUR.KZ. Соңғы бір тәулікте Италияда коронавирустан 368 адам қайтыс болды, бұл көрсеткіш елде рекорд болып саналады. Бұл туралы елдің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли айтты, деп жазады Тengrinews.kz.

Италияда қайтыс болғандардың жалпы саны 1809 адамға жетті. Өлім-жітім динамикасы емделушілер санына тең болып тұр.
"Біз 369 адамның жазылғанын тіркедік, қазір олардың саны - 2335", - деді Боррелли.
Оның айтуынша, қазір вирустан емделгендерді қосқанда елде 24,7 адам коронавирус жұқтырған. Вирус жұқтыру динамикасына тәулігіне 3,5 мың адам деңгейін сақтап тұр.
Статистика бойынша, орта есеппен тәулігіне 252 адам Ломбардияда қайтыс болады екен. Ол жақта коронавирус жұқтыру дерегі күніне 1000 адамға өседі.