Италияда жұмыс орынына ковид-паспортпен кіргізу басталды

0
731

Осының арқасында жергілікті билік халықтың 90 процентін егуге қол жеткізуді көздеп отыр.


Италияда жұмыс орынына ковид-паспортпен кіргізу басталды

ERNUR.KZ. Италияда жұмыс орындарына кіру үшін мемлекеттік және жекеменшік сектор жұмысшылары жасыл төлқұжат көрсетуі тиіс, деп жазады 24.kz.

Заң бір ай бұрын бекітілген. Осының арқасында жергілікті билік халықтың 90 процентін егуге қол жеткізуді көздеп отыр. Оның ішінде жасы 12-ден асқан балаларда бар.

Қазір Апеннин түбегінде халықтың 80 проценті толық вакциналанған. Десек те, 4 миллионға жуық жұмысшы әлі екпе салдырмаған.

Фабио Бонанно, тұрғын: - Бұл әділ шешім. Өйткені халық пандемиядан тезірек шығуды қалайды. Вакциналар тегін. Сондықтан дертке қарсы вакцина аламын деушілерге ешқандай кедергі жоқ.