Италиялық ғалымдар коронавирустың күшін толық жоюға қабілетті вакцина ойлап тапты

0
1 023

Вакцинаның әсері зертханада тышқандар арқылы сыналған.


Италиялық ғалымдар коронавирустың күшін толық жоюға қабілетті вакцина ойлап тапты

ERNUR.KZ. Италиялық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Вакцинаның әсері зертханада тышқандар арқылы сыналған. Оларға вакцина салынып, сараптамаға антиденесі алынды. Бұл антиденелер адам жасушасындағы COVID-19-ды зертхана жағдайында көзін жоюға қабілетті болып шықты. Ал адамдарға тест өткізу күзге жоспарланған.

"Біздің білуімізше, біз дүние жүзі бойынша коронавирустың күшін жоятын вакцинаны ойлап таптық", - дейді ғалымдар.

Еске салайық, 7 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 3,6 миллионнан асып, 247 мыңнан аса адам қайтыс болды.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 4502-ге жетті. Оның ішінде 1408 адам айығып шығып, 30 адам қайтыс болды.