Израиль Газа секторына әуеден соққы жасады

0
472

Израильдің қорғаныс күштері Газа Секторындағы Хамас қозғалысының нысандарын зымыранмен атты.


Израиль Газа секторына әуеден соққы жасады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Бұған дейін Газа аумағынан 3 күн қатарымен Израильге әуе шабуылы жасалған, деп жазады 24.kz.

Аймақта қауіп-қатердің дабылы қағылып, жергілікті қарулы күштер ұрысты бастап кету дайындығына көшкен. Әзірге адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.

Естеріңізге салайық, қос тарап арасындағы қарулы-қақтығыс өткен айдың онында ушықты. Ал мамырдың 21 күні Израиль мен Газа секторы арасында атыс-шабысты тоқтату режимі жарияланды. Сол кезден бері бұл уағдаластық 1 аптаның ішінде екі рет бұзылды. Он күнге созылған қырғында екі жаққа мыңдаған зымыран атылды. Салдарынан 12 Израиль тұрғыны мен 253 палестиналық азамат қаза тапты.