Израиль ғалымдары вакцинаның үшінші дозасының әсері туралы айтып берді

0
693

Pfizer препаратының үшінші дозасы 60 жастан асқан адамдарға енгізілген.


Израиль ғалымдары вакцинаның үшінші дозасының әсері туралы айтып берді

ERNUR.KZ. Израиль ғалымдары COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының үшінші дозасы инфекция мен оны ауыр өткеруден едәуір жақсы қорғайтынын анықтады, деп жазады Tengrinews.kz.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәліметі бойынша, вакцинаның үшінші дозасы екі доза алған адамдармен салыстырғанда бес-алты есе көп қорғанысты қамтамасыз еткен.

Айта кетейік, Pfizer препаратының үшінші дозасы 60 жастан асқан адамдарға енгізілгенін атап өткен жөн. Бұл жастағыларда коронавирус жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, олар вакцинация науқанының басында бірінші болып вакцина алған.

Алынған мәліметтер өткен аптада Израильдің "Маккаби" медициналық мекемесі ұсынған жеке статистикаға сәйкес келді. Бұл Үндістанның "дельта" штамының алдын алу үшін вакцинация жүргізетін ұйымдардың бірі.

Израиль Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген зерттеудің нәтижесі әлі шыққан жоқ.

Еске салайық, Израильде 60 жастан асқан азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы 30 шілдеден бастап салынып жатыр. Ел билігі бұл шешімді Израильде инфекция өршуіне және Үндістанның коронавирус штамына қатысты жаһандық алаңдаушылыққа байланысты қабылдаған. Иммундық жүйесі әлсіреген 2 мың адам үшінші дозаны елеулі жанама әсерлерсіз алғаны айтылады.

Осыған дейін елде 9,3 миллион халықтың жартысынан көбі жартылай немесе толық вакцина алған.

Америкалық Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, Израильде індет басталғаннан бері 985 мыңға жуық инфекция жұқтыру, 7 мыңға жуық өлім тіркелген.