Израильде синагога мінбері опырылды: қаза тапқандар бар

0
563

Оқиға иудей мейрамы - Шавуот мерекесін тойлау кезінде болған.


Израильде синагога мінбері опырылды: қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Израильдің Гиват-Зеев елді мекенінде синагога мінбері қирады, оның ішінде ондаған адам болған. Шамамен 130 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға иудей мейрамы - Шавуот мерекесін тойлау кезінде болған.

"Сағат 19:14-те жедел жәрдем пультіне Иерусалимде ішінде ондаған адам бар мінбердің құлағаны туралы хабар келді", - деді "Маген Давид Адом" жедел жәрдем қызметі өкілдері.

Дәрігерлер 60-қа жуық зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр, оның ішінде, он адамның жағдайы ауыр.

Артынша тағы 130 адам эвакуацияланған. Полиция Иерусалим маңындағы Гиват-Зеевте жаппай дұға жасау кезінде ережелердің сақталуын тексеруді бастады. Бұл туралы Израиль полициясының ресми өкілі Михаэль Зингерман айтты.