Израильде "жүкті" нәресте дүниеге келді

0
433

​Дәрігерлер құрсағында егіз паразит өсіп жатқан нәрестенің ауытқуын көргенде есеңгіреп қалғанын жасырмады.


Израильде

ERNUR.KZ. Израиль дәрігерлері дүниеге келген нәрестенің құрсақ қуысында тағы бір ұрық дамығанын анықтады. Мұндай патология өте сирек кездеседі, деп жазады sputnik.kz.

Ультрадыбыстық зерттеу жүргізуге жаңа туған нәрестенің ішінің ұлғаюы себеп болған. Тексеруден кейін бала шұғыл операцияға жіберіліп, ұрық алынды.

Әйелді босандырған дәрігердің айтуынша, бұл шамамен жарты миллион жүкті әйелдің бірінде ғана кездесетін өте сирек жағдай.

Патологияның ықтимал себептерінің бірі – егіздердің бірі екіншісінің денесіне еніп, әрі қарай дамиды.

Сәбидің анасы аман-есен, ота сәтті жасалған, екеуі де ауруханадан шығарылды.

Осыған ұқсас оқиға 2019 жылы Алматыда болды. Ол кезде дәрігерлер ұрықтың бір бөлігі денесінде қалған қызды құтқарды. Дәрігерлер егіз паразит туралы қыз жеті жасқа келгенде бір-ақ білді.

Баланың туғаннан омыртқасында кінәрат болған. Дәрігерлер бел тұсында ісік бар деген диагноз қояды. Оны алып тастау туралы шешім қабылданды. Отаны Алматы қаласының №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының хирургтері жасады.

"Біз кесіп тексергеннен кейін оның тератома екенін білдік. Дененің бөлшектерін көрдік. Яғни ұрық болды", - дейді Алматыдағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлібек Жарасов.

Дәрігерлердің айтуынша, операцияның сәтті аяқталуын ғажайып оқиға деп атауға болады, өйткені мұндай ауытқулар сирек кездеседі.