Қайғылы жағдай: ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам ажал құшты

0
719

Ұшақ өртеніп түгі қалмай жанып кеткен.


Қайғылы жағдай: ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам ажал құшты

ERNUR.KZ. АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам ажал құшты Техас штатындағы Далласта (АҚШ) шағын екі моторлы ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам мерт болды, деп жазады ktk.kz.

Оқиға салдарынан он адам қайтыс болды. Оқиға Даллас округі Эддисон қаласында болды. Ұшақ жексенбі күні таңертең әуежай алаңында соғылды. Осыдан кейін ұшақ өртеніп, түгі қалмай жанып кетті.

Қаланың қоғаммен қатынастар жөніндегі басшысы Мэри Розенблит ұшақтағы адамдарының ешқайсысы аман қалмағанын айтты. Апаттың себеп-салдарын тексеру үшін АҚШ-тың Федеральдық авиациялық басқармасының өкілдері оқиға орнына барды. Сондай-ақ Көліктегі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңес те өз мамандарын сол жерге жіберуге шешім қабылдады.