Каирде пойыз өртеніп 24 адам мерт болды (видео)

0
924

Қаза болғандар мен жарақат алғандардың басым көпшілігі платформада тұрғандар.


Каирде пойыз өртеніп 24 адам мерт болды (видео)

ERNUR.KZ. Каир қаласының орталығындағы Рамсис станциясына кіре берісте пойыз өртеніп жиырмадан астам адам көз жұмды, деп жазады baq.kz.

Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, пойыз Рамсис вокзалының 7-ші платформасына кіре бергенде қандайда бір бөгетке соғылған, нәтижесінде локомотивте жарылыс болып өртке оранған. Қаза болғандар мен жарақат алғандардың басым көпшілігі платформада тұрғандар.


Египет БАҚ-ы апаттан 24 адамның көз жұмғанын және жарақат алғандардың саны елуден асатынын хабарлады. Адамдардың көпшілігі иістен уланған және дүрліккен жұрт вокзал платформасынан шыға алмай қалған.