Канадада екі ер адам жүздеген тұрғынды пышақтап тастады

0
526

Полиция шабуыл құрбандары бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты.


Канадада екі ер адам жүздеген тұрғынды пышақтап тастады

ERNUR.KZ. Канаданың Саскачеван провинциясында екі ер адам әртүрлі жерлерде суық қарумен адамдарға шабуыл жасаған. Салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы он бесі ауруханаға жеткізілді. Полиция шабуыл құрбандары бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

RCMP комиссарының көмекшісі Ронда Блэкмордың айтуынша, өлі және жараланған адамдар 13 жерде табылған. Полиция кейбір адамдарға шабуыл жоспарлы түрде жасалғанын, қалғандарды кездейсоқ шабуылға ұшырағандарын айтады.

Қылмыс жасады деген күдікпен тәртіп сақшылары екі ер адамды - Дэмиен мен Майлз Сандерсонды іздестіріп жатыр. Күдіктілер табылмағандықтан жергілікті тұрғындарға үйде болуға және қылмыскерлермен араласпауға кеңес берілді.

Жергілікті билік Джеймс Смит ауданында төтенше жағдай жариялады.