Қараңғыда сағыз шайнау - өлгендердің етін шайнаумен тең

0
2 802

Кейбір ырым-тыйымдар шынымен де ақылға қонымсыз.


Қараңғыда сағыз шайнау - өлгендердің етін шайнаумен тең

ERNUR.KZ. Ырым-тыйымның адам өмірімен біте қайнасып кеткені сонша, кейде біреулер үш рет түкіріп, не болмаса түймесін қалай ұстап алғанын да байқамайды. Ең қызығы, әр мәдениеттің орта ғасырлардан бері сақталған өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан, кейбір ырым-тыйымдар шынымен де ақылға қонымсыз болып көрінеді, деп жазады Zakon.kz.

Стақан сумен тілек айтуға болмайды

Германияда, егер достарымен көңіл-көтеріп, ішімдік ішіп отырғанда, біреу стақандағы сумен тілек айтса, онда ол баршаға өлім тілейді деп саналады екен. Шындығында, бұл достардан бөлектелмес үшін ойлап табылған тәсіл секілді.

Иттің нәжісіне аяғыңызды тығып алсаңыз...

Итті серуендетіп жүріп, тап болатын ыңғайсыз жағдай да ырымға баланады. Егер Францияда, иттің нәжісін басып кетсеңіз, онда да сол аяғымен, бұл сәттілікке баланады. Егер оң аяғыңыз былғанған болса, онда қиын болады-мыс.

Жастыққа отыруға болмайды

Кейде үлкен жайлылық үшін жастықты кейбір адам астына төсеп жатады. Бірақ Малайзияда бұлай істеуге болмайды, өйтсе адамның «майлы жеріне» безеу қаптап, жара шығады деп ойлайды. Шындығында, олар мұны еш ойланбастан, оны қандай мақсатқа пайдаланды деп күдіктенбес үшін жасайтын шығар.

Түн ортасында жүзім жеп жүрмеңіз...

Испанияда түн ортасында жүзім жегіңіз келсе, тек 12 талын жеуге болады. Сонда сіздің алдағы 12 айыңыз сол жүзімдей тәтті болады деп саналады. Бұл ырым 12 жүзім сиқыршылар мен зұлым күштерден қорғайды деген нанымға негізделеді.

Тас жолдың жарылған жерін баспаңыз!

Солтүстік Америкада өскен барлық бала ешқандай жағдайда асфальттың жарылған жерін баспайды. Өйткені егер сіз жарықшақты бассаңыз, анаңыздың арқасына бір нәрсе болады деген наным бар.

Төрт саннан аулақ!

Қытай мен Жапонияда төрт саны көбінесе өліммен байланысты. Ырымның пайда болуының тамыры қытай тілінен алынған, өйткені «өлім» және «төрт» сөздерінің иероглифі айтылу кезіндегісімен өте ұқсас. Бұл ырымның кең тарағаны соншалық, бұл елдердің ауруханасындағы жеделсаты ішінен төрт саны бар түймені таппайсыз.

Кешке сағыз шайнауға болмайды

Түркияда, мысалы, кешкі астан кейін ешкім сағыз шайнамайды. Түріктер, қараңғыда сағыз шайнау өлгендердің етін шайнаумен тең деп санайды. Содан кейін мұндағы адамдар күндіз де сағыз шайнамайды.