Карантиннің арқасында 500 жыл бұрынғы қазынаны тапты

0
807

Көне монета 1464 жылы шығарылған.


Карантиннің арқасында 500 жыл бұрынғы қазынаны тапты

ERNUR.KZ. Англияның Портсмут қаласының тұрғыны, 48 жастағы Аманда Джонстон карантин кезінде бақшасынан қазына тауып алды, деп хабарлайды Хабар24.

Ол үйде отырып зеріккендіктен, үйінің ауланысын металл іздегішпен айналып өтпек болған.

Іздеу барысында ол 500 жыл бұрын жасалған алтын монетаны тауып алды.

Ол Генри VII-нің тұсында шығарылған және 1464 жылдан бастап 200 жыл бойы айналымда болған.

22 караттық монетаның номиналы алты шиллинг және сегіз пенс.

Қазынаның иесі құнды монетаны өзінде қалдыруды жөн санап отыр.