Қарттар үйіндегі өрт кезінде екі адам мерт болып, 47-сі зардап шекті

0
722

Қазандықтағы түтін науқастардың бөлмелері мен осы қабаттағы интенсивті терапия бөліміне тараған.


Қарттар үйіндегі өрт кезінде екі адам мерт болып, 47-сі зардап шекті

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда Сеул қаласының батысында орналасқан Кимпхо қаласында қарттар үйінде өрт шығып, салдарынан екі егде жастағы адам қаза тапты және 47-сі зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бес қабатты ғимараттағы өрт сейсенбі күні таңертең сағат 9:03-те басталған. Өрт тұтанғанда ғимаратта 130 адам болған. Зардап шеккендердің ішінде алты адам ауыр халде жатыр. Олардың барлығында газдан улану белгілері анықталды. Барлық пациенттер ғимараттан эвакуацияланды.

Өрт төртінші қабаттағы бойлер ғимаратынан тұтанған.

«Қазандықтағы түтін науқастардың бөлмелері мен осы қабаттағы интенсивті терапия бөліміне тараған», - деді Кимпхо өрт сөндіру стансасының өкілі Вон Джун хи (Won Joon-hee).

Қаза тапқан екі адам интенсивті терапия бөлімінде жатқан. Зардап шеккен 47 науқас қазіргі уақытта жақын маңдағы 11 ауруханада ем алып жатыр. Қарттар үйі ғимараттың үшінші және төртінші қабатында орналасқан.