Қарулас 8 адамды атып өлтірген: Жан түршігерлік оқиғаның себебі айтылды

0
1 101

Қайғылы жағдай орын алған бөлім әскери басқару аумағы мен прокуратура бөлімінен алыс болған.


Қарулас 8 адамды атып өлтірген: Жан түршігерлік оқиғаның себебі айтылды

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінің комиссиясы жүргізген зерттеуде жанындағы 8 әскерді атып тастаған Рамиль Шамсутдиновқа қарсы зорлық-зомбылық әрекеттер әскери бөлімде орын алмаған деп көрсетілген, деп жазады Stan.kz.

20 жасар әскердің бұл жаға ұстатар әрекетіне себеп ретінде оның қарауылдағы офицер екеуінің арасындағы «тұлға аралық қақтығыстар» мен «психологиялық сәйкессіздік» болуы мүмкін екен.

Комиссияның мәліметінше, басқаруды іске асыру кезінде офицерлер ұрған деген дерек негіссіз. Сонымен қатар, әскердің жанындағы бірнеше адамды жайратып салудың тағы бір себебі қарауыл кезіндегі «жоғарғы психологиялық қысым» болуы ғажап емес.

Қайғылы жағдай орын алған бөлім әскери басқару аумағы мен прокуратура бөлімінен алыс болғандықтан, командирлер қарауылды тасасынан шығарып, сирек қадағалап отырған. Осындай бұзушылыққа жол берген командирлерге жаза қолданылып, тіпті олар жұмыстарынан босатылуы мүмкін.

Бұған дейін, жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерде күдікті қаруластары тарапынан әскери бөлімде жиі қорлық көріп отырған делінеді. Оққа ұшқан офицерлердің бірі Данил Пьянков бөлімдегі әскери борышын өтеушілерге психологиялық қысым көрсетуімен танымал болған.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қазан күні қатардағы жауынгер Шамсутдинов өзімен бірге қарауылда болған 8 бірдей әскерилерді автоматпен атып өлтірген. Ал, жарақаттанғандардың ақтық демін олардың басына оқ атумен шығарған. Мылтықтың оғы біткен соң, жауынгер 10 шақырым қашықтықта орналасқан ауылға қаша жөнелген. Алайда, ауылға жетпей, артынша ұсталыпты.