Кашмирде интернетті пайдалануға қайтадан рұқсат берілді

0
585

Бірақ ұялы телефон мен интернет желілері әзірге жұмыс істемейді.


Кашмирде интернетті пайдалануға қайтадан рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Үндістан билігі Сринагардағы жағдай бірте-бірте тұрақтала бастағандықтан барлық үкіметтік мекемелер мен бірқатар мектептерді қайта ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік өкілінің мәлімдемесіне сай, қазіргі уақытта 900 мектептің 196-сы ғана бұрынғы режимге көшкен. Білім беру мекемелері тек қауіпсіз деп танылған аудандарда ашылды. Бұдан бөлек, аймақта стационарлы телефон жұмысы қалпына келтірілді. Бірақ ұялы телефон мен интернет желілері әзірге жұмыс істемейді. Ол аймақтағы ахуалды қайта тексерген соң пайда болады.

Еске салсақ, осыдан 2 апта бұрын Кашмирде коменданттық сағат енгізіліп, ұялы телефон мен интернетті қолдануға шектеу қойылған еді.