Қасиетті Қадір түнінің құрметіне орай 764 адам түрмеден босатылады

0
923

Президент қасиетті Рамазан айында Қадыр түні құрметіне орай рақымшылық жариялау туралы жарлыққа қол қойды.


Қасиетті Қадір түнінің құрметіне орай 764 адам түрмеден босатылады

ERNUR.KZ. Түркіменстан билігі жариялаған рақымшылықпен 764 адам түрмеден шығарылады, деп жазады centralasian.org.

Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында Қадыр түні құрметіне орай рақымшылық жариялау туралы жарлыққа Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов қол қойды.

"Рақымшылық жариялау арқылы біз жасаған ісіне өкінген азаматтарға жаңа өмір бастап, кінәларынан арылуға мүмкіндік береміз", - деп мәлімдеген түркімен президенті.

Мемлекеттік баспасөздің хабарлауынша, Бердымұхамедов жергілікті билік органдарына түрмеден рақымшылықпен босап шыққандарға жұмыс тауып беруді тапсырған.

Орталық Азия елдері арасында Түркіменстан жан басына шаққанда ең көп тұтқын ұстап отыр. 2006 жылдың аяғында Гурбангұлы Бердымұхамедов билікке келгелі бері түрлі мерекелерге орай рақымшылық жариялау дәстүрі қалыптасқан.