​Кәсіпкерлерді тексеруге екі жылға тыйым салынды

0
1 017

Оның айтуынша, инспектор кәсіпкерлерді жазалау емес, заң бұзушылықтарға жол бермеуге мүдделі болуы тиіс.


​Кәсіпкерлерді тексеруге екі жылға тыйым салынды

Қырғызстан үкіметі кәсіпкерлерді екі жылға дейін тексеруге мораторий жариялауды жоспарлап отыр. Экономика министрі Олег Панкратов бұл уақытта айыппұл санкциялары да салынбайтынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. сайты.

Оның айтуынша, инспектор кәсіпкерлерді жазалау емес, заң бұзушылықтарға жол бермеуге мүдделі болуы тиіс. Бұл ретте тексеруші инспектордың жеке жауапкершілігіне назар аударылады.

Келген шығынның үш есе жауапкершілігін заңды бұзған кәсіпкер және оны бақылаушы мемлекеттік қызметкер тартады.

"Осылайша олар бизнес пен мемлекеттік қызметте заңның бұзылуына жол бермеуге мүдделі болады", - деп есептейді министр.

Отырыста премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиев үкімет бизнес пен мемлекеттік органның байланысын болдырмауды көздеп отыр. Оның айтуынша, бизнес үшін мемлекеттік қызмет көрсету қашықтан электронды форматта жүргізіледі.

Бұған дейін президент Сооронбай Жээнбеков бизнесті негізсіз тексеруді доғаруды тапсырған.

Дереккөз centralasian.org/a/