Қайрат Қожамжаров БАӘ Федералдық Прокуроры мырза Аль-Шамсимен кездесті

0
989

​Әріптестер құқықтық ынтымақтастықты нығайту және шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қайрат Қожамжаров БАӘ Федералдық Прокуроры мырза Аль-Шамсимен кездесті

Әріптестер құқықтық ынтымақтастықты нығайту және шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жасалған құқықтық көмек туралы келісімдер шеңберінде біздің мемлекеттер арасында тиімді ынтымақтастық күшейтілді. Бүгінгі кездесуіміз қылмыскерлерді экстрадициялау және ұрланған қаражатты қайтару сұрақтары бойынша екіжақты қарым-қатынастарға жаңа импульс береді» деп Қайрат Қожамжаров атап өтті.

Қазақстанға соңғы 3 жылда БАӘ-ден іздеуде жүрген 10 адам экстрадицияланды.

Сонымен қатар, талқылау барысында терроризм және экстремизм, транснационалды қылмысқа қарсы күресу саласындағы ынтымақтастық сұрақтары қаралды.

Біріккен Араб Әмірліктері осы сұрақтар бойынша Қазақстан үшін белсенді серіктес болып табылады. 2013-2017 жылдар аралығында бірлескен шаралар қабылдаудың арқасында БАӘ территориясында Қазақстан азаматтарынан тұратын бір топ ИШИМ (ИГИЛ) эмиссарлары және көмекшілері әшкереленді.

Кездесу соңында қазақстандық делегация мүшелері шетелдік әріптестеріне алғысын білдіріп, құқықтық салада өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту қажеттігін айтты.