​Қазақстан әлемдегі ауасы ең лас 20 елдің қатарына кірді

0
2 020

Өзбекстан мен Қазақстаннан басқа Орта Азия елдерінен ешбірі бұл тізімге енбеген.


​Қазақстан әлемдегі ауасы ең лас 20 елдің қатарына кірді

Өзбекстан мен Қазақстан Жер бетіндегі ауасы ең лас 20 елдің қатарына кірді. Рейтингті ауа сапасына мониторинг жасап отыратын AirVisual халықаралық мекемесі жасаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл тізімде Өзбекстан 16-орынға жайғасса, Қазақстанға 20-орын тиді.

Ауасы ең лас елдердің басында Бангладеш, Пәкістан мен Үндістан тұр. Ал саф ауалы елдер әдеттегідей – Австралия, Финляндия мен Исландия.

Өзбекстан мен Қазақстаннан басқа Орта Азия елдерінен басқалары бұл тізімге енбеген.

Аталған мекеменің мәлімдеуінше, ауаның ластығынан жыл сайын әлемде 7 адам қайтыс болатын көрінеді. Сондай-ақ, әлемдік экономикаға келтіретін бір жылдағы шығыны - 225 млрд. АҚШ доллары.

дереккөз: ca-news.org