​Қазақстандық әйел әуежайда жадынан айырылды - куәгерлер

0
1 180

41 жастағы әйелдің тұрақты мекенжайы Жамбыл облысында.


​Қазақстандық әйел әуежайда жадынан айырылды - куәгерлер
ERNUR.KZ.Қазақстандық әйел Стамбул әуежайында жадынан айырылды, көмекке мұқтаж, деп жазады оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына.сілтеме жасап.

Қолданушылардың сөзіне сүйенсек, Светлана Чернышова Стамбулдан Бішкекке ұшуы тиіс болатын.

"Отбасыммен бірге 11 маусымда сағат 9:00 кезінде Түркия әуежайынан көрдім, мінез-құлқы бір түрлі болды, бірдеңеге ұшыраған сияқты, жартылай жадынан айырылған. Ұшағы 1:00-де ұшып кеткен екен, жүгі де сонда кетті", - деп жазады куәгер.

Бастапқы деректер бойынша, 41 жастағы әйелдің тұрақты мекенжайы Жамбыл облысында.

"Стамбулдың билік өкілдері тұлғаның қалада екенін растады. Қазақстанның Стамбулдағы консулы істің мән-жайын анықтауға аттанған. Әйелдің Қазақстан азаматы екеніне көз жеткізуі тиіс", - деп мәлімет берді ҚР сыртқы істер министрлігі.

Куәгердің айтуынша, әйел адамды әуежайдан жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен.