Қазақстандық студент қызды зорлаған ресейлік полицейлер сотталды

0
892

Студент қызды қызметтік көлікте зорлаған үш полицейге үкім шықты.


Қазақстандық студент қызды зорлаған ресейлік полицейлер сотталды

ERNUR.KZ. Ресейде 22 жастағы қазақстандық студент қызды зорлаған полицейлер сотталды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Студент қызды қызметтік көлікте зорлаған үш полицейге үкім шықты.

"Екатеринбургтің үш полиция қызметкеріне Ленин аудандық соты зорлау және басқа да сексуалдық сипаттағы әрекеттері үшін айыптау үкімін шығарды: Мұстафина - 6 жыл 6 ай, ал Тропина мен Бессарабов - 6 жылға сотталды", - деп түсіндірді Бушмаков.

Свердлов облысы бойынша ІІМ басқармасы мәліметінше, одан бөлек 17 полицей жазаланды.

Оқиға 2019 жылдың 18 тамызында болған. Екатеринбургте тұратын қазақстандық студентті полиция қызметкерлері ұстап, алайда хаттама толтырмаған. Тергеу барысында қызды күтеп көлікке отырғызып, гараж кооперативіне апарып, кезекпен зорлаған.