Қазақстандықтар 17 шілде күні Айдың тұтылғанын көре алады

0
1 655

Ай Жердің көлеңкесіне толық кіргенде толық тұтылған деп саналады.


Қазақстандықтар 17 шілде күні Айдың тұтылғанын көре алады

ERNUR.KZ. Жердің көлеңке аймағына кіргенде ай тұтылады. Жердің көлеңкесінің диаметрі 363 мың шақырымда Айдың 2,6 диаметрін құрайды. Сондықтан Ай бетін толық жабылуы мүмкін, деп жазады stan.kz.

Ай Жердің көлеңкесіне толық кіргенде толық тұтылған деп саналады. Егер жартылай кірсе, жартылай тұтылды деп есептеледі.

Жартылай тұтылуы кезінде Ай Жердің көлеңкесінің 66 %-на кіреді. Бұл 17 шілде күні елорда уақытымен түнгі сағат екіде байқалады. Айдың оң жағында оңтүстік нүктеде Сатурн байқалады. Одан оңға қарай Юпитер тұрады.

Ең максималды фаза сағат 3:30-да байқалады. Бұл кезде Ай оңтүстік-батысқа қарай биіктегені көрінеді. Шығысты ақырындап жарқырай бастайды. Жартылай тұтылу таңғы бесте аяқталады. Бұл кезде Ай горизонтқа кіріп, шығыста 5 сағат 8 минутта көтеріледі.

Астрономдар айдың тұтылуы үнемі бақылайды. Олар қысқамерзімді ай құбылысын байқайды. Олар әртүрлі құбылысты көрсетеді. Қысқамерзімді ай құбылысының көп себебі әлі белгісіз.