Кешкі сағат 21:00-ден кейін ер мен әйелдің бірге тамақтануына тыйым салынды

0
2 008

Басты мақсат – әйелдердің шариғат заңын бұзбауға жағдай жасау


Кешкі сағат 21:00-ден кейін ер мен әйелдің бірге тамақтануына тыйым салынды

ERNUR.KZ. Округтегі дәмханалар мен мейрамханалар жаңа ережені сақтауға міндеттелді, деп жазады Baq.kz.

Индонезиялық Ачех провинциясының Биреэн округіндегі әйелдер мен ер адамдарға бірге тамақтануға тыйым салынды. Билік әйелдерді осылайша «иманға келтіруді» көздейді.

Жаңа ережені округ дәмханалары мен мейрамханалары сақтауға міндеттелді. Жергілікті ислам істері бойынша басқарма басшысының айтуынша, әйелдер ер адаммен бірге тамақтанға кезде шариғат заңдарын бұзады. Әйелге тек өзінің жұбайы немесе жақын туысымен ғана тамақтануы керек.

Шенеунік бұл ережені қабылдаудағы басты мақсат – әйелдердің шариғат заңын бұзбауға жағдай жасау, олардың арын қорғау екенін айтты.

Мұсылман профинциясындағы шариғат заңы әйелдерге өзінің заңды некедегі жолдасынан басқа ер адаммен кез-келген қарым-қатынаста болуына тыйым салады. Сондай-ақ, жаңа ереже бойынша бір ұжымда жұмыс істейтін ер мен әйелдің сағат кешкі 21:00-ден кейін бірге тамақтануына тыйым салынған.