Халықаралық валюта қоры Қырғызстанның 12,6 млн доллар қарызын кешіреді

0
674

Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі табысы аз 24 елдің қарызын кешіру жөнінде шешім қабылдады.


Халықаралық валюта қоры Қырғызстанның 12,6 млн доллар қарызын кешіреді

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Халықаралық валюта қорына қарызы 12,6 млн долларға азаяды. Бұл туралы экономика және қаржы министрлігі хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Мәліметтерге қарағанда, Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі табысы аз 24 елдің қарызын кешіру жөнінде шешім қабылдады. Ол елдердің арасында Қырғызстан да бар.

"Қарыздың кешірілуі қаражатты денсаулық сақтау саласы мен экономикаға бұруға мүмкіндік береді", - делінген министрлік мәліметінде.

Бұның алдында Қырғызстанның Қытай экспорт және импорт банкіне қарызын өтеу мерзімін созу туралы келіссөз жүріп жатқаны хабарланған. 51,1 млн долларды алты жылға 2 пайыздық өсіммен бөліп төлеу ұсынылған.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы биыл 416 млрд сомнан (4 млрд 921 млн доллар) асқан, соның 85 пайызы - сыртқы қарыз.